Жүктерді алып жүру

Жүктерді алып жүру

Әртүрлі мақсаттағы жүктерді қауіпсіз тасымалдауды және алып жүруді жүзеге асыру.

Егер тапсырыс беруші жүктің толық көлемде және өте жақсы жағдайда келгенін көздейтін болса, жол кезінде күзету міндетті түрде қажет болып саналады.

АЛМАЗ Секьюрити жүктерді Қазақстан аумағымен қатар одан тыс аумақтарда да алып жүру жөніндегі қызметтерді көрсетеді. Жүкті алып жүру жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған толық іс-шаралар кешенін өткізуді қарастырады. Жүктерді алып жүруді ұйымдастыру кезінде компания қатаң талдау жұмыстарын жүргізеді: жүктің сипатын, жүріс маршрутын (жүкті қабылдау/тапсыру мекен-жайларының барлығының көрсетілуімен) зерттеу, жүргізушілер, көлік және жүкке қатысы бар басқа тұлғалар жөнінде дерекқор құру, клиентпен әрекеттерді үйлестіру (қозғалыс кезінде және ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша). Мұндай қызмет қылмыстық әсермен байланысы болмаған әртүрлі жағымсыз оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.

Алмаз Секьюрити мамандарды, көлікті, техникалық құралдарды және жүктерді кез-келген қашықтыққа қауіпсіз жеткізуді рәсімдеу жөніндегі басқа да мүмкіндіктерді ұсынуға дайын. Жүкті алып жүрумен айналысатын бөлімше сәйкес біліктілігі бар және қару алып жүру рұқсаты бар жақсы даярланған қызметкерлерден құрылған. Алдарында қандай міндет тұрғанына байланысты, олар униформамен қатар азаматтық киім үлгісін де киюі мүмкін. Бөлімше жабдықтармен, қорғаныс құралдарымен, қарумен, байланыс құралдарымен жабдықталған. Барлық мүмкін қауіптерге жедел әрекет жасауды қамтамасыз ете отырып, бақылаудың бірыңғай диспетчерлік орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Етінім жасау

Акциялар

«Дағдарысқа қарсы» жиынтығы

Біз Сіздің отбасыңыз бен мүлкіңізді қорғау үшін дағдарысқа қарсы бағаларды ұсынамыз!

Пәтерлерді қорғау небәрі 3000 теңгеден бастап!!!

Толығырақ оқыңыз

Жаңа қызмет

"Жедел шақырту" қызметімен Сіз қарт ата-аналарыңызға уайымдамайтын боласыз!

Біз Сіз үшін оларға қамқор болып, аз уақыт ішінде көмек көрсетеміз!

Толығырақ оқыңыз