Объектілерді технологиялық жабдықтау

"АЛМАЗ СЕКЬЮРИТИ" күзет агенттігі объектілердің қауіпсіздігі мен күзеті саласындағы жаңа жетістіктерді әрдайым пайдаланады. Бұл олардың жоғары кәсіби технологиялық жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Қауіпсіздік жүйелері кешеніне төмендегілер енгізіледі:

  • өрт дабыл жүйелері;
  • күзет дабылы жүйелері;
  • бейнебақылау жүйелері;
  • қолжеткізуді бақылау жүйелері.

КҮЗЕТ ДАБЫЛЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУ

Күзет дабылының автоматтандырылған жүйесі ғимараттардың әр түрлі типтерін жабдықтау кезінде кеңінен пайдаланылады (тұрғын, өндірістік, қойма, мекеме және т.б.)

Күзет дабылының мақсаты - қорғалатын ғимаратқа немесе қорғалатын аумаққа заңсыз кірудің кез келген мүмкіндігіне жол бермеу. Күзет жүйесінің негізі қызметін бақылау құрылғылары атқарады, олар орталық бақылау пункттеріне ақпарат береді. Осымен бірге күзет дабылы тек автономды ғана емес, сондай-ақ қорғалатын объектінің басқа да жүйелерімен жиынтықта жұмыс істеуі мүмкін.
Күзет дабылы жүйесі қорғалатын үй-жайды немесе аумақты тәулігіне 24 сағат бақылауға мүмкіндік береді

 

Ең кіші жиынтықтың құрамы 45 000 тг:

  • Аспап
  • Аккумулятор батареясы
  • Түйіспелі санауыш
  • Магнитті-түйіспелі құрылғы
  • Қозғалыс құрылғысы
  • Сирена
  • Кабельді-бекіту материалы

ҮРЕЙЛІ ДАБЫЛ

Үрейлі дабыл ол арқылы қауіп сигналы жедел әрекет жасау бөлімшесінің пультіне лезде берілетін құрылғыны білдіреді (ірі объектілерде - құрылғылар кешені). Қауіп түймешігін басу қарулы топты шұғыл шақыру қызметін атқарады, ол объектіге Астана қ. шегінде 4-5 минут ішінде келіп жетеді. Жедел әрекет жасауға қала аудандарын күзететін бірнеше кезекші топтардың тұрақты жауынгерлік әзірлігі есебінен қол жеткізіледі.

«АЛМАЗ СЕКЬЮРИТИ»ЖШС Астанадағы қауіп дабылы жүйесін әзірлеу, құрастыру және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. Қажет кезінде үрейлі дабыл түймешігі өрт-күзет қауіпсіздігі жүйесіне біріктірілуі мүмкін.

Үрейлі дабыл түймешігі сымдық стационарлық құрылғысын немесе сымсыз тасымалдау салпыншағын білдіреді. Онымен көлікті жиі жабдықтайды: инкассаторлық, жүк және жеке автомобильдер, пәтерлер, үйлер, кеңселер, дүкендер және басқа мемлекеттік және жеке мекемелер. Осымен бірге қауіп сигналы әдетте, радио - немесе GSM-байланысы бойынша беріледі.

Кеңседегі, дүкендегі, пәтердегі үрейлі дабылды орнату құнын Сіз біздің операторларымыздан білуіңізге болады.

ӨРТ ДАБЫЛЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУ

Өрт дабылы жүйесі - бұл техникалық құралдардың күрделі кешені, ол арнайы құрылғылардың көмегімен түтінге, ауа температурасының өзгеруіне қосылады. Құрылғылар қауіп сигналын қабылдау-тексеру аспабына жолдайды, бұдан соң сигнал өрт күзетінің пультіне бірден беріледі. Автоматтандырылған өрт дабылы жүйесі әр түрлі жиынтықтауда болады. Бұл үй-жайдың типіне байланысты.

Жиынтық құрамы:

  • Жылу өрт хабарлағышы
  • Өрт түймешігі
  • Өрт панелі
  • Сирена
  • АКБ
  • Аспап
  • Шығыс материалдары

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ

Бейнебақылау жүйелері нысандағы жағдайға бейнебақылауды жүзеге асыруға көмектеседі. Бейнебақылау жүйесі болып жатқан оқиғалардың бейнежазбасы, оларды бақылау және сандық немесе магнитті ақпарат тасымалдаушыларға жазудың бірегей мүмкіндігін береді. Бейнебақылаудың стандартты жүйелері және бейнебақылаудың компьютерлік жүйелері бар. Соңғы аталғаны ең өзекті болып саналады және қолданудың қарапайымдылығымен бірге үлкен функционалдылығымен ерекшеленеді. Нысанның түріне байланысты бейнебақылау жүйесінің жиынтықталуы өзгеріс көрсетеді.

Мысалы, бейнебақылау жүйесін орнату кезінде бейнекамералардың әртүрлі түрлері қолданылуы мүмкін.

Бейнебақылау жүйесіне жатқызылады:

  • Бейнекамера – болып жатқан оқиғаларды түсіретін аспап.
  • Бейнетіркеуші – камера(лар)дан бейне және дыбыстың жазбасын жасайтын аспап.
  • Камерадан бейнетіркеушіге сигналды жіберуге арналған құрылғы – бұл бейнекабель немесе сымсыз қабылдап-жібергіш болуы мүмкін.
  • Бейнебақылау мониторлары.

Бейнебақылау жүйелерінің басты міндеттері – заңсыз әрекеттердің алдын алу, бұзушыны анықтау және болған оқиғаны талдау.

АЛМАЗ СЕКЬЮРИТИ-мен жұмыс жасау артықшылығы

  • баға мен сапа қатынасының үздіктігі
  • сервистік қызмет көрсету және жабдыққа 12 ай кепілдік беру
  • объектіні 24/7/365 режимінде техникалық қолдау және мониторингілеу
  • сенімді, жоғары сапалы, ақпараттық деңгейі жоғары, уақыт сынынан өткен қауіпсіздік жүйелерінің жабдығы. Дабыл белсігін жіберудің жоғары жылдамдығы
  • жабдықты жалға алу/бөліп төлеу арқылы алу мүмкіндігі
  • әр клиентке адалдықпен және әдептілікпен қарау
  • әр клиентпен жұмыс жасауда жеке тіл табу
  • жоғары білімі және аталған салада 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар кәсіби техникалық мамандар

Кызметке тапсырыс беру

Акциялар

«Дағдарысқа қарсы» жиынтығы

Біз Сіздің отбасыңыз бен мүлкіңізді қорғау үшін дағдарысқа қарсы бағаларды ұсынамыз!

Пәтерлерді қорғау небәрі 3000 теңгеден бастап!!!

Толығырақ оқыңыз

Жаңа қызмет

"Жедел шақырту" қызметімен Сіз қарт ата-аналарыңызға уайымдамайтын боласыз!

Біз Сіз үшін оларға қамқор болып, аз уақыт ішінде көмек көрсетеміз!

Толығырақ оқыңыз

НАМ ДОВЕРЯЮТ БОЛЕЕ 3000 КЛИЕНТОВ

  • Посольство Испании

    Посольство Испании

  • Посольство Канады

    Посольство Канады

  • Посольство Армении

    Посольство Армении

  • Посольство Азербайджана

    Посольство Азербайджана

  • Посольство Японии

    Посольство Японии

  • Посольство Ирака

    Посольство Ирака

  • Посольство Тайланда

    Посольство Тайланда

    Біз Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейміз