
Көліктің жерсеріктік мониторингі – жерсеріктік навиация жүйесі негізінде құралған жылжымалы нысандардың мониторингі жүйесі.
Көліктің жерсеріктік мониторингі жүйесі келесі міндеттерді орындайды:
- мониторингке көлік құралының орналасқан жерін, оның бағытын, жылжу жылдамдығын және басқа параметрлерін анықтау жатады: отын шығыны, рефрижератордағы температура және т.б. Көліктің жерсеріктік мониторингі жүйесі жүргізушіге таныс емес аудандарда жүру кезінде навигацияда көмектеседі;
- қозғалыс кестесін сақтауды бақылау – көлік құралдарының жылжуын есепке алу, жүкті белгіленген нүктелерге жеткізуді автоматты есепке алу және т.б.;
- статистиканы жинау және бағыттарды оңтайландыру – ең жақсы бағыттарды анықтау мақсатымен көлік құралдарының жүріп өткен бағыттарын, жылдамдық режимін, отын шығынын және т.б. талдау;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету – орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі ұрланған автокөліктерді анықтауға көмектеседі. Апаттар жағдайында жерсеріктік мониторинг жүйесі апат сигналын құтқару қызметіне жіберуге көмектеседі. Сонымен қатар көліктің жерсеріктік мониторингі негізінде автосигнализация жүйелерінің кейбіреулері қызмет етеді.