Объектілерді пульт арқылы күзету заманауи спутниктік жүйелерді және өрт-күзет дабылы жүйелерін пайдалана отырып, объектідегі жағдайды тәулік бойы қашықтықтан мониторингілеу арқылы жүзеге асырылады.
Объектіде төтенше жағдай (шабуыл жасау, сырттан ену, өрт) пайда болған кезде диспетчер орталығына GSM ұялы оператордың арнасы бойынша телефон желісі арқылы берілетін белгі келеді, одан кейін объектіге құқыққорғау органдарының жұмылдыру топтары немесе ТЖМ жедел қызметтері жіберіледі.
"АЛМАЗ СЕКЬЮРИТИ" жұмылдыру тобы – төтенше жағдай пайда болған кезде клиенттерге тәулік бойы жедел көмек көрсететін қызмет. Жұмылдыру тобының экипажы "АЛМАЗ СЕКЬЮРИТИ" күзет кәсіпорнының арнайы дайындықтан өткен біліктілігі жоғары екі қызметкерінен тұрады.
Күзет дабылы – күзетілетін үй-жайға немесе күзетілетін аумаққа кез келген заңсыз енуге мүмкіндік бермеу әдісі. Күзет дабылының жүйесі күзетілетін үй-жайды немесе аумақты тәулігіне 24 сағат бақылауға мүмкіндік береді.
Үрейлі дабыл - қарулы топты жедел шақырту, аталған топ Астана қаласының шегінде объектіге 4-5 минут ішінде келеді.
Өрт дабылы – бұл түтінге, ауа температурасының өзгеруіне арнайы құрылғылар көмегімен әрекет ететін техникалық құралдардың күрделі жиынтығы, аталған құрылғылар жедел қызметті шақыру үшін өрт күзету пультіне дабыл белгісін жібереді.
Біз Сіздің отбасыңыз бен мүлкіңізді қорғау үшін дағдарысқа қарсы бағаларды ұсынамыз!
Пәтерлерді қорғау небәрі 3000 теңгеден бастап!!!
Толығырақ оқыңыз"Жедел шақырту" қызметімен Сіз қарт ата-аналарыңызға уайымдамайтын боласыз!
Біз Сіз үшін оларға қамқор болып, аз уақыт ішінде көмек көрсетеміз!
Толығырақ оқыңыз